إرسال رابط إلى التطبيق

TALAPP


4.8 ( 4288 ratings )
التعليم
المطور: Qundylyq Group
حر

Құрметті талаптанушы жас!

Арман мен мақсат өмір сүруге жетелеуші күш. Арманға жету үшін нақты мақсаттарды көздеп, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруді қолға алу керек. Тұлғалық толық дамудың бірнеше бағыттары бар. Адамгершілік жағынан жетілу үшін жағымсыз әдеттерден арылып, бойыңызға ізгі қасиеттерді жинаған жөн. Ақыл-ойды жетілдіру үшін білім көкжиегін кеңейтіп, үнемі оқып-үйренуге көңіл бөлген дұрыс. Тәнді жетілдіру әрдайым сергек, позитивті көңіл күйде болуыңызға және жоспарыңызды құлшыныспен орындауға септігін тигізеді. Өзін-өзі дамытудың тағы бір бағыты кәсіптік тұрғыда қабілеттеріңізді жетілдіру. Осы тұста сіздерге тұлғалық дамудың 3 бағытын негізге ала отырып, бірнеше салада таңдаулар жасауды ұсынамыз.

Артықшылықтары:
• Өзіңізді дамыту саласына таңдау жасай аласыз
• Күн сайын орындайтын тапсырмаңыздың деңгейін өзіңіз таңдайсыз
• Әр апта әртүрлі тапсырмалармен шұғылдана аласыз
• Апта және айлық прогресіңізді бақылай аласыз
• Сыныптастарыңыздың таңдауын және нәтижелерін көре аласыз
• Өз ұсынысыңызды жолдай аласыз